G80 дуализмімен танысыңыз: автокөліктің уақытқа бағынбайтын фирмалық дизайнында прогрессивті қуат пен технологиялығы табиғи түрде үйлескен. Ол өз иесінің өмірін табиғи толықтырып қанай қоймайды, сондай-ақ оны жақсы жаққа өзгертеді.
Автокөліктің алдыңғы бөлігінің дизайны фирмалық, екі қабатты Two-Line Crest Grille радиатор торының арқасында таңдаулылығымен ерекшеленеді. Алдыңғы бампердегі серпінді молдинг седанның мүсінін ерекшелеп тұр.
Автокөліктің бүйірлік профилін седанның салтанатты шанағымен үйлесетін, жарқын 5 шабақты 20 дюймдік дөңгелек дискілері бейнелеп тұр.
Бәсеңдеткіш қондырмаларының орны ауысқандықтан және бампері анағұрлым бедерлі болғандықтан, автокөліктің артқы бөлігінің дизайнын ықшамдалды. V литерасының формасындағы хромдалған көмкерме артқы жағына әсемдік беріп тұр.
Автокөліктің алдыңғы бөлігінің дизайны G80 Sport нұсқасы үшін арнайы жасалған қара түсті хромды жабыны бар, екі қабатты Crest Grille радиатор торымен ерекшеленеді. Төменгі кең ауа тартқыштар автокөліктің спорттық мінезін ерекшелеп тұр.
5 шабақты, G-Matrix өрнегі және қара шаңдатпасы бар, эксклюзивті 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілер спорттық эстетикаға жан бітіреді.
Үш өлшемді бамперлі автокөліктің артқы бөлігі қуатты әрі атлетикалық бейне беріп тұр. Қара акценттер және қос бәсеңдеткіш экстерьерге сән беріп тұр.
www.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.