Ішінде немесе сыртында, қозғалыста немесе автотұрақта, жолаушының немесе жаяу жүргіншінің орнында - GV70 қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын жүйелермен жабдықталған.
Қауіпсіз жүргізу оңай. Әсіресе апаттар мен оқиғаларды болдырмауға көмектесетін технологиялармен.
Төмен жылдамдықта тұрақ орнынан шыққан кезде, жүйе кеңбұрышты камера және ультрадыбыстық датчиктер көмегімен автокөлік айналасын жаяу жүргіншілер мен кедергілердің бар-жоғына сканерлейді. Ықтимал соқтығысу қаупі анықталғанда, ол ескертуші дыбыстық сигнал шығарады және қажет болғанда, соқтығысудың алдын алу үшін тежегіш механизмдерді белсендіреді.
Жүйе әртүрлі ықтимал қауіптерді таниды: алдыңғы жағынан келе жатқан көліктер мен жаяу жүргіншілер, сол және оң жақтағы көлік, алдыңғы жағындағы қатты тежеу. Жүйе жүргізушіге ескерту береді және қауіп жоғарылаған кезде, автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.
Кері жүріс кезінде жүйе сол немесе оң жақтан келе жатқан көліктермен соқтығысу қаупін таниды. Жүйе жүргізушіге ескерту береді және қауіп жоғарылаған кезде, автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.
Белгілі бір жылдамдықпен жүру кезінде жүйе көрші жолақтарда артқы жақта орналасқан көліктерді анықтайды. Ол жүргізушіге дыбыстық белгімен және жыпылықтайтын шаммен ескертеді және соқтығысу қаупі бар болса, руль арқылы түзеу әрекеттерін орындайды. Сонымен қатар қозғалыс басталған кезде, соқтығысу қаупі артса, жүйе тежеуге көмектеседі.
GV70-ті жүргізу кезінде интуитивті интеллектуалды жүйелер қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, олар жолдың басынан бастап трассадан шығуға дейін қозғалыс жолағында қалуға көмектеседі.
Бұл автоматтандырылған жүйе тас жолда іске қосылады және қозғалыс жылдамдығын реттеу арқылы алдыңғы көлікке дейінгі қауіпсіз қашықтықты реттейді. Бұл жүйе автокөлікті қозғалыс жолағының ортасында ұстауға көмектеседі.
Көлікті жүргізу кезінде автокөлікті қозғалыс жолағының ортасында ұстауға көмектеседі. Егер қозғалыс жолағының белгісі танылмаса, жүйе алдыңғы қатардағы көліктерді анықтау үшін озық технологияны қолданады және жүргізушінің шаршауын азайту және қауіпсіздікті жақсарту арқылы басқаруға көмектеседі.
Жүйе жылдамдықты сақтай отырып, алдыңғы көлікке дейін қауіпсіз қашықтықты сақтауға көмектеседі. Белгілі бір уақыт ішінде жүргізушінің реакциясы болмаған жағдайда, жүйе көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтай отырып, қозғалыс жылдамдығын біртіндеп төмендетеді, төтенше жағдайларда қауіпсіздікті арттырады.
Автотұраққа кою кезінде қауіпсіздікті камералар мен интеллектуалды жүйелер қамтамасыз етеді, олар тұрақ орнынан қиындықсыз кері бағытта шығуға да, тұраққа тұруға да көмектеседі.
Автокөлік шанағының периметрі бойынша орнатылған камералар көлік жүргізу және тұраққа қою кезінде қоршаған ортаны бақылауға көмектеседі.
Тұрақ орнын табуға көмектеседі және рульді, тежегіш жүйе мен трансмиссяны басқара отырып, автокөлікті тұраққа қояды. Одан да жайлы болуы үшін тұраққа қою процесін смарт-кілт көмегімен қашықтан басқаруға болады.
Жолаушы шығу үшін есікті ашқанда, жүйе артқы жағынан келе жатқан басқа көліктерді анықтаса, ескерту дыбысын береді. Қосымша қауіпсіздік үшін электронды құлыптау қарастырылған: егер соқтығысу қаупі болса, жолаушы оны ашуға тырысса да, есік жабық күйінде қалады.
Жолға артқа қарай жылжу кезінде жарық жолақтары проекцияланады, бұл жол қозғалысының басқа мүшелеріне сіздің жақындағаныңыз туралы ескертеді.
Жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін интеллектуалды жүйелердің кең ауқымының арқасында әр сапарда қауіпсіз орта.
Артқы орындықтағы жолаушылар немесе жүк туралы ескерту жүйесі.
Егер сіз алға қарамасаңыз немесе жолға назарыңызды аудармасаңыз, жүйе оны анықтап, ескерту белгісін береді.
Қарсы келе жатқан немесе бағыттас көлік жүргізушілерінің көздерін шағылыстыру қаупін тудырмай, шалғай жарықты қосыңыз. GV70 фаралары жеке басқарылатын жарықдиодты шамдармен жабдықталған, олардың әрқайсысының жарықтығы қажет болған жағдайда бөлек реттеледі.
www.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.